Басты бетAgroScope командасы агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешім әзірлеу конкурсының жеңімпазы...

AgroScope командасы агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешім әзірлеу конкурсының жеңімпазы атанды

AgroScope командасы агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешім әзірлеу конкурсының жеңімпазы атанды AgroScope командасы агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешім әзірлеу конкурсының жеңімпазы атанды

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы агроөнеркәсіптік кешен саласына арналған цифрлық шешім әзірлеу бойынша жобаларды іріктеу конкурсының ұйымдастырушысы болды. Конкурстың қорытындыларын Ақкөл қаласының әкімдігі шығарып, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурстық іріктеудің жеңімпазы ретінде агротехникалық іс-шараларды қолдауға арналған ең жан-жақты пысықталған әрі даму әуелеті жоғары цифрлық шешімді ұсынған AgroScope (AgriSoft / Satbayev University) командасы танылды.

Конкурс Ақкөл қаласы аумағында агротехникалық жұмыстарды қолдауға бағытталған цифрлық шешімді іздеу және іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Жоба Жерді қашықтан зондтау деректерін және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы егіс алқаптарының жай-күйін талдауға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті аналитикалық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретін картографиялық интерфейсі бар цифрлық платформаны құруды көздеді.

Жобаларды іріктеу екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде конкурстық комиссия өтінімдер мен презентациялық материалдарға қашықтан талдау жүргізіп, нәтижесінде техникалық тапсырма талаптарына барынша сәйкес келетін жобалар екінші кезеңге жолдама алды.

Бірінші кезеңнің қорытындылары

Екінші кезең аясында қатысушылар өз жобаларын презентациялау және тұжырымдамалар мен прототиптерді көрсету форматында ұсынды. Бағалау инновациялық деңгейі, технологиялық іске асырылу мүмкіндігі, практикалық маңыздылығы, ауқымдану әлеуеті және командалық әлеует сияқты негізгі критерийлер бойынша жүргізілді.

Екінші кезеңнің қорытындылары

Қорытынды сараптамалық бағалау нәтижесінде AgroScope (AgriSoft / Satbayev University) жобасы 10 балдың 8,6 ұпайын жинап, технологиялық тереңдік, іске асыру мүмкіндігі және пилоттық енгізуге дайындық арасындағы оңтайлы теңгерімді көрсетті. Сарапшылар шешім архитектурасының жетілгендігін, машиналық оқыту технологияларын, геоақпараттық жүйелерді қолдануды, спутниктік және дрон деректерінің интеграциясын, сондай-ақ прототиптер мен пилоттық кейстердің болуын жоғары бағалады.

Өткізілген конкурс агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды дамытудағы маңызды қадамға айналып, өңірлік даму міндеттеріне бағытталған қолданбалы IT-шешімдерді әзірлеуде отандық командалардың жоғары әлеуетін көрсетті