Басты бетДиректорлар Кеңесінің Құрамы

Директорлар Кеңесінің Құрамы

1. Қазиева Орынкүл Нұрланқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысының орынбасары

1977 жылғы 29 желтоқсанда туған.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

2002–2010 жылдары Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған – инспектор лауазымынан бастап, басшының орынбасарына дейін көтерілген.

2010–2023 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрылымдарында қызмет еткен, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары және Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы лауазымында жұмыс істеген.

2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

 

2. Дәуенов Ернұр Нұрланұлы

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті

Ернұр Нұрланұлы 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бакалавр дәрежесін, ал 2011 жылы магистр дәрежесін алды. 2015 жылы А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде PhD докторы дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын 2008 жылы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған Облыстық қазақ гимназия-интернатында тарих пәні мұғалімі ретінде бастады.

2012 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың тамызына дейін Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған "Зерде" мектебінде ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.

20.08.2012–09.09.2013 жж. – Павлодар облысы, Павлодар қаласындағы Аймақтық ғылыми-тәжірибелік «Ертіс дарыны» орталығында зертхана меңгерушісі қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы.

2014-2015 жылдары – Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары – Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы.

2016-2017 жылдары – Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары – Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019 жылдан бастап Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын басқарды.

2020 жылдың тамызынан 2022 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың қараша айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

 

 

3.Жайжуманова Асемгуль Абаевна

Директорлар кеңесінің мүшесі,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы

ИВИ ДК құрамына алғаш сайланған күні: 20.08.2025 ж.
Жеке мәліметтер: 1979 жылғы 5 ақпанда туған.
Білімі:

2000 жылы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлттық компаниялар бөліміне жетекші маман лауазымынан еңбек жолын бастады.

2003–2004 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлттық компаниялар бөлімінің бас маманы.

2004–2005 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығының м.а.

2005–2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының Ұлттық компаниялармен жұмыс бөліміның бастығы.

2008 жылдың маусымынан бастап – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы.

 

4.Толысбаев Бауржан Советұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Білімі:
Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты (1981 ж.)
Техника ғылымдарының кандидаты (1990 ж.)
«Машина жасау» мамандығы бойынша доцент (1997 ж.)
Экономика ғылымдарының докторы (2006 ж.)
«Экономика» мамандығы бойынша профессор (2011 ж.)

Туған күні: 1959 жылғы 3 қараша

Еңбек өтілі:

1981–1982 – Инженер-конструктор, М.И. Калинин атындағы Семей ет-консерві комбинаты
1982–1984 – Ғылыми қызметкер, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты
1984–1990 – Аға оқытушы, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты
1990–1992 – Доцент, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты
1992–1996 – Кафедра меңгерушісі, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты
1996–1997 – Кафедра меңгерушісі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
1997–1999 – Докторант, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
1999–2007 – Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Қазақ қаржы-экономикалық институты (Семей қ.)
2007–2010 – Бірінші проректор, Қазақ қаржы-экономикалық институты (Семей қ.)
21.06.2010–04.10.2010 – Бірінші проректор, Алматы технологиялық университеті
2010–2012 – Ішкі аудит департаментінің директоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Алматы қ.)
2012–қазіргі уақытқа дейін – Кафедра меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.)

 

5. Исенов Сұлтанбек Сансызбайұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Білімі:
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2003 ж.)
Магистратура, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2006 ж.)
Аспирантура, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2008 ж.)

Туған күні: 1980 жылғы 31 тамыз

Еңбек өтілі:

2003–2004 – Зертханалар меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
2004–2006 – Кафедра ассистенті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
2006–2009 – Аға оқытушы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
2009–2010 – Доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
2010–2013 – Аға оқытушы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.)
2013–қазіргі уақытқа дейін – Декан, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.)