Басты бетАстанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық...

Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті

Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті Астанада медициналық қызметкерлерге арналған қақтығыстар мен стрессті басқару бойынша практикалық семинар өтті

Жоғары кәсіби жүктеме мен тұрақты эмоционалдық қысым жағдайында медициналық қызметкерлер үшін қақтығыстар мен стресс жағдайларын тиімді басқару дағдылары ерекше маңызға ие. Осы тақырыпқа арналған офлайн-семинар «Медициналық ұйымдағы қақтығыстар мен стресстік жағдайларды басқару: себептерді талдау, деэскалация әдістері және қайталанудың алдын алу» тақырыбында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) ұйымдастырды.

Іс-шара 13 және 15 қаңтар күндері «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК базасында өтті. Семинарға медициналық ұйымдардың басшылары, құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, дәрігерлер және орта медициналық персонал өкілдері қатысты. Аталған мамандар күнделікті жұмыс барысында жоғары эмоционалдық жүктеме мен күрделі коммуникациялық жағдайларға жиі тап болады.

Оқыту бағдарламасы практикалық бағытта құрылып, медициналық ортадағы нақты жағдайлар мен кейстерге негізделді. Қатысушылар қақтығыстардың пайда болу себептерін талдап, деэскалация әдістерін, эмоционалдық өзін-өзі реттеу тәсілдерін және ұжымдағы қайталанатын стресс жағдайларының алдын алу құралдарын меңгерді.

Семинарды Аманбек Толқын — коммуникация, фасилитация және эмоционалдық интеллект саласындағы тренер және сарапшы, коуч, NLP-практик, эмоциялық еркіндік техникасының мастер-практигі жүргізді. Ол басқарушы командалармен және көмек көрсететін мамандық иелерімен, соның ішінде денсаулық сақтау саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

«Медициналық ұйымдардағы қақтығыстар — өздігінен проблема емес, олар шамадан тыс жүктеменің, айтылмаған мәселелердің және эмоционалдық шаршаудың белгісі. Егер олармен дұрыс жұмыс істеуді үйренсек, стресс деңгейін едәуір төмендетіп, команда ішіндегі өзара қарым-қатынасты жақсартуға болады», — деп атап өтті Аманбек Толкын.

Семинар барысында эмоционалдық интеллектті дамыту мен конструктивті диалог жүргізу дағдыларына ерекше назар аударылды. Бұл дағдылар медициналық қызметкерлерге ұжым ішінде де, пациенттермен де өзара іс-қимылды тиімді құруға мүмкіндік береді.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) медициналық қызметкерлердің басқару және коммуникациялық құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырып, медициналық ұйымдарда тұрақты әрі тиімді жұмыс ортасын қалыптастыруға үлес қосуды көздейді.