Басты бетЭмоционалды тұрақтылық – кәсіби күштің негізі: Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналғ...

Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби күштің негізі: Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті

Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби күштің негізі: Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби күштің негізі: Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби күштің негізі: Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті

Медицина туралы айтқанда, біз ең алдымен білім, нақтылық, тәжірибе туралы ойлаймыз. Бірақ осының бәрінің артында – адам тұрады. Егер бұл адам күн сайын өзгенің ауырсынуына, үрейіне, қорқынышына тап болса – сол адамның күйіп кетпей, ішкі тепе-теңдігін қалай сақтап қалатынын ойламаймыз.

Жуырда Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде «Стресске төзімділіктің ресурсы ретіндегі эмоционалдық интеллект» тақырыбында офлайн семинар өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ (МТАЖО).
Семинарды эмоционалдық интеллектті дамыту бойынша сертификатталған тренер, MBA, Ericson International кәсіби коучі Эльмира Абайдильдинова жүргізді.

Эмоционалдық интеллект – жай тренд емес, қазіргі заманның қажеттілігі

Эмоционалдық интеллект бүгінде тек «soft skills» емес – бұл кәсіби өмірде де, жеке өмірде де ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қабілет. Бұл – өзін және айналасын түсініп, эмоцияларды басқаруға, сын сәттерде сабыр сақтауға, қалжырамауға, адаммен қарым-қатынасты дұрыс құруға үйрететін ресурс.

Семинар барысында дәрігерлер, бөлім меңгерушілері, мейірбикелер және басқа да қызметкерлер 8 академиялық сағат бойы күйзеліс механизмдерімен, гормондық реакциялармен (кортизол, ДГЭА), эмоционалдық реттеу әдістерімен танысты. Арнайы жаттығулар, өзіндік рефлексия, кәсіби жағдайлар негізіндегі тәжірибелік жұмыстар арқылы қатысушылар өзін жақсырақ түсініп, күйзеліске қарсы әрекет етудің жолдарын меңгерді.

Бұл неге медицина саласы үшін өзекті?

Себебі медицина – бұл тек ғылым емес. Бұл – адам жанының нәзік күйімен күн сайын бетпе-бет келетін маманның кәсіби майданы. Эмоционалдық тұрақтылық болмаған жағдайда, дәрігердің өзі де күйзеліске түсуі мүмкін. Сол себепті, эмоционалдық интеллект медицина саласында жүрген маманға келесі жағдайларда көмектеседі:

  • күрделі жағдайда тез шешім қабылдауға;
  • эмоцияны бақылауға;
  • жан-жағындағы адамдармен конструктивті әрекеттесуге;
  • кәсіби күйіп кетудің алдын алуға.

 Адамның ішкі ресурсын сақтау – әлсіздік емес, керісінше, кәсіби жетілгендіктің белгісі екендігін атап өткен жөн.

Қатысушыларға қосымша оқу үшін ұсынылған әдебиеттер қатарында:
– Сьюзан Дэвидтің «Эмоционалды икемділік» еңбегі
– Келли Макгонигалдың «Жақсы стресс» кітабы
– Сэловей мен Карузоның «Көшбасшының эмоционалдық интеллекті» еңбегі болды.

МТАЖО алдағы уақытта да осындай soft skills бағытындағы бағдарламаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.