МТАЖО сертификатталған бизнес-тренер Алмаз Амалбековтің жетекшілігімен Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жұмысшыларына тиімді коммуникациялар мен сатулар бойынша тренинг өткізді.
Тренингке қатысқандар дұрыс қарым-қатынас жасау әлеміне бойлап, клиенттер мен әріптестермен өнімді диалог құру тәсілдерін, ақпаратты кез-келген адамға түсінікті етіп қалай жеткізуге болатынын үйренді. Шарада, әсіресе, клиенттің шынайы қажеттіліктерін анықтау және онымен байланыс орнату жолдарына ерекше назар аударылды.