Басты бетМТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті

МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті

МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті МТАЖО орталығында СЭСО жұмысшыларына маркетинг бойынша тренинг өтті

МТАЖО орталығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жұмысшыларына арналған екі күндік тренинг өтті. Оқу шарасы медициналық қызмет көрсету саласында клиентпен өзара қарым-қатынасты басқару тақырыбына арналып, брендинг және маркетинг саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы Данияр Кенжебаев тренинг спикері болды. Оқу мақсаты – қатысушыларға клиенттермен жұмысты жақсартуға бағытталған кешенді білім беру мен практикалық дағдыларды үйрету. 

Бағдарлама аясында call орталығының жұмысын жақсарту сынды негізгі аспектілер талқыланып, қатысушылар үздік тәжірибелермен, сөйлесулердің скриптімен және қарсылық білдіруді өңдеу тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ, автоматтандыру мен талдауға басымдық бере отырып, сату үрдісін оңтайландыруға көңіл бөлінді. Тренинг қатысушылары клиенттерге тиімді қызмет көрсету мен олардың адалдығын арттыру жолдарын игерді. 

Тренингтің қосымша бағдарламасы маркетинг стратегияларын әзірлеуді үйренуді, мақсатты аудиторияны талдауды және маркетинг жоспарларын құруды қамтыды. Бренд құру мен оны дамытуға айрықша назар аударылып, қатысушылар брендинг қағидаларын үйренді және медицина саласы үшін бірегей шешімдерді әзірлеуге қатысты.