Кері байланыс жекелеген қызметкерлерді де, сонымен қатар тұтас компанияны да дамытып, жетілдіруде маңызды роль ойнайды. МТАЖО сарапшылары дұрыс түзіліп айтылған пікір қателіктерді түзеп қана қоймай, қалай жаңа жетістіктерге ынталандыратынын әңгімеледі.
Конструктивті пікір айтуға көмектесетін бірқатар кеңес ұсынамыз:
- Нақты болыңыз – жалпылама сөз тіркестерін қолданбаңыз. Жақсартуды қажет ететін нақты әрекеттер мен нәтижелерді көрсетіңіз.
- Тұлғаға емес, оның әрекетіне көбірек көңіл бөліңіз. Адамның өзіне емес, оның іс-қимылы мен нәтижесіне сын айтыңыз. Бұл оның қорғаныс реакциясына жол бермей, талқылаудың пайдалы болуына көмектеседі.
- Сын айтумен шектеліп қалмай, шешімдер ұсыныңыз. Мәселені шешудің ықтимал жолдарын, жағдайды қалай жақсартуға болатынын айтыңыз.
- Конструктивті әрі позитивті болыңыз – сөзді жанға жағатын дүниелерден бастап, бірте-бірте ескертулерге көшкеннен кейін әңгімені тағы да позитивті аяқтаңыз. Бұл әңгімелесушіңіздің ынтасы мен өзін-өзі бағалауына оң әсер етеді.
- Мұқият тыңдап, белсенді болыңыз – әңгімелесуші тараптың өз ойын айтып, идеяларын ұсынуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сіздің диалог пен әріптестікке дайын екеніңізді көрсетеді.