Басты бетДау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер

Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер

Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер Дау-жанжалдарды басқару: Кәсіби тәсілдер

Дау-жанжал – жұмыстың қай түрі болмасын орын алады. Оларды тек тиімді түрде шешіп қоймай, әріптестер мен клиенттермен өнімді өзара қызмет құра білу маңызды. Дау-жанжалдарды басқара білу –  медицина саласындағы кәсіби мансаптың негізгі аспекті. 

МТАЖО сарапшылары жайлы қарым-қатынас құрып, орын алған мәселелерді сәтті шешуге арналған құралдармен бөліседі!💡👩‍⚕️

Белсенді тыңдау

Өзіңізді әңгімелесушіңіздің орнына қойып, эмпатия танытыңыз. Белсенді тыңдап, ақпаратты нақтылау үшін қайта сұраудан тартынбаңыз. 

Мысал: Сіздің әріптесіңіз жобаны орындауға берілген мерзімнің тым аз екенін айтып шағымданды делік. Мұндай жағдайда өз аргументтеріңізді алға тартқаннан гөрі «Мен Сіз үшін жұмыстың сапасын сақтау маңызды екенін түсінемін. Сіз үшін қандай аспектілер ең қатты қиындық тудырып отырғанын нақтырақ түсіндірсеңіз» деңіз. 

«Мен-хабарламаларды» қолдану

Өз сезіміңіз бен ойларыңызды айыптаусыз жеткізіп, нақты жағдай мен оның салдардарын суреттеңіз. 

Мысал: «Мен біздің жобамыз кешігіп жатқанына алаңдаймын. Келіңіз, жұмыс кестесін реттеп, болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін қандай шаралар қолдануымыз керектігін бірге ақылдасайық». 

Компромистерді іздеу

Екі тараптың да мүдделерін қанағаттандыратын шешімнің нұсқаларын белсенді зерттеу. 

Мысал: Сіздің командаңыз жаңа өнімді дамыту стратегиясын таңдауда келісімге келе алмай жатыр делік. Сіздің ұсынысыңыз: «Келіңіздер, даму жолының бірнеше балама жолын талқылап, сіздердің және менің ұсынысымен ең жақын келетін нұсқасын таңдайық». 

Бағалау және жақсарту

Бұрынғы дау-дамау жағдайларын сабақ алу үшін және болашаққа арналған стратегия әзірлеу үшін талдау. 

Мысал: «Біздің соңғы келіспеушігімізден кейін мен міндетті талқылаудың ең басынан бастап нақтылау керектігін түсіндім. Бұл дау-жанжалдар мен келіспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді».