Басты бетҚиын келіссөздерде өзіңнің және қарсы тараптың эмоциясын қалай басқаруға болады?

Қиын келіссөздерде өзіңнің және қарсы тараптың эмоциясын қалай басқаруға болады?

Қиын келіссөздерде өзіңнің және қарсы тараптың эмоциясын қалай басқаруға болады?

Келіссөздер кезінде өз эмоцияңды басқару – өзіңді терең түсінуді және ішкі жағдайыңды басқару қабілетін талап ететін өнер. Ал әңгімелесуші тараптың эмоциясына ықпал ету – қиын даулар кезіндегі ең жоғары деңгейдегі қабілет.

Біз Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) HR орталығының жетекшісі Айнұр Қамаровамен сөйлесіп, ол нені және қалай жасау керектігі жөнінде бірнеше кеңес берді

МТАЖО 12 жылдан астам уақыттан бері ҚР Президенті Іс басқармасының және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін оқытумен айналысып келеді. Орталық олардың ішінде келісссөздерді сауатты жүргізуге де оқытады.  

 

  1. Мақсаттарды есте сақтау

Сарапшының айтуынша, ең бастысы өзіңнің эгоңның эмоция кезінде қалағанына қол жеткізуіне жол бермеу.

«Көп адам даудың ең ширыққан кезінде бір жалғыз қателік бой алдырады, яғни өзін ұстай алмай, ашу шақырып, есікті тарс жауып, келіссөзді үзіп тастайды. Бірақ бұлай істеу арқылы біз ешқандай нәтижеге жете алмаймыз, тек қана ашуымызды шығарамыз. Бұдан біз байып, не ісіміз алға басып кете ме, өз ісімізге көмектесе аламыз ба? Жоқ, бұлай біз өз мақсатымызға қарай бір қадам да жылжи алмаймыз. Нағыз өнер неге қол жеткізуді қалайтының туралы ойлаумен байланысты. Яғни, жалақыны арттыру, жаңа келісімшарт жасау, жеңілдіктер алу. Міне, мақсаттар. Оған эмоциялық жарылыстар арқылы жете аласың ба? Көп жағдайда жауап  – Жоқ. Одан гөрі, ашуыңды ақылға жеңдіру әлдеқайда тиімдірек», – деп түсіндірді Айнұр Қамарова.

  1. «Зәкір» техникасы

Бақылай алмайтын эмоцияларыңның жарылып шықпауы үшін сарапшы өзіңді бақылауда ұстау техникасын қолдануды маңызды деп санайды.

«Зәкір» техникасы сіз үшін тыныштық сезімімен байланысты физикалық жест немесе бір затты қолдануға негізделеді. Мысалы, қолыңыздағы бір затты байқатпай қысып не мыжып тұруға, болмаса білегіңізді саусақтарыңызбен түрткілеп тұруға болады. Бұл техниканы тұрақты түрде қолдану сізді тыныштандырады және оны стресс жағдайларында үнемі қолдануға болады», – деп атап өтті ол.

3. Үзіліске арналған «қиын сұрақтар»

Сондай-ақ, Айнұр Қамарова сабырға келуге уақыт ұту үшін әңгімелесуші тарапқа қоюға болатын бірнеше қиын сұрақтарды алдын-ала дайындап қою қажеттігін айтады. Бұл сұрақтар өте маңызды болуы тиіс және терең жауапты талап етуі қажет. Қарсы тарап жауап беріп жатқанда сізде эмоциялық тепе-теңдікке түсуге уақыт болады.

4. «Эмоциялық жаңғырық» әдісі

Бұл әдіс сізге өзіңізді не басқа адамды сабырға келтіру қажет болған кезде қолданылады:

«Егер әңгімелесуші тарап негатив эмоциясын танытатын болса, сабырмен және жанашырлықпен оның сөздерін қайталаңыз: «Мен сіздің қалай түңіліп тұрғаныңызды түсінемін», «Мен бұл сіздің ашуыңызды тудыратынын көріп тұрмын». Оның эмоциясын қабылдау оның негативтерінің жиілігін бәсеңдетіп, сіздің оның сезімін түсінетініңізді көрсетеді. Сол арқылы оны сабырға шақыра аласыз. Бұл эмоциялық ауыр жағдайды сейілтіп, түсіністік атмосферасын қалыптастырады. Бұл өз кезегінде сіздің өз эмоцияңызды басқаруыңызға көмектеседі».

5. Позитивті шағын арал

Егер әңгімелесушінің өзіне жайлы жағдай туғызу қажет болса, оны позитивті шағын арал әдісін қолдануға болады.

«Қысым теңізінен сізбен әңгімелесушіні сабырлыққа әкелетін жайлы аралды іздеп табыңыз. Бұл оған ұнайтын оқиға немесе оның позитивті эмоциясын тудыратын тақырып болуы мүмкін. Қысым күшейіп бара жатқанда әңгімені осы тақырыпқа ауыстырыңыз. Бұл әңгімелесушіңіздің назарын жайлы бағытқа бұрады», – деп атап өтті сарапшы.

Айнұр Қамарова қорытындылап айтқандай, келіссөз барысында эмоцияны басқару заманауи іскерлік әлемінде кәсіби сәттілікке қол жеткізудің ажырамас бөлігі. Бұл дағдыны дамыту уақыт пен тәжірибені қажет етеді. Ал оны игерген адам алдында мақсаттарға қол жеткізуде жаңа көкжиектер ашылады. МТАЖО курстары бұл өнерді үйреніп, келіссөз шебері атану үшін қажетті әдіс-тәсілдердің бәрін ұсынады.