Басты бетЖұмыстағы дау-дамайды қалай шешуге болады?

Жұмыстағы дау-дамайды қалай шешуге болады?

Жұмыстағы дау-дамайды қалай шешуге болады?

МТАЖО орталығында дау-дамайларды шешу бойынша тамаша тренингтер бар екенін білуші ме едіңіз?

Бүгін сіздермен жұмыста өнімді де жайлы еңбек атмосферасын құруға көмектесетін тәсілдермен бөліспекпіз. 

1. Белсенді тыңдау

Әріптестердің пікірі мен сезімдерін түсіну үшін оларды мұқият тыңдай білу қажет. Бұл түрлі пікірлерді терең түсінуге көмектеседі және сыйластық пен әріптестік атмосферасын орнатады. Мысалы, команданы жиналыстарында өзгелердің жеке пікірін білу үшін олардың сөзін бөлмеуге тырысып, оның орнына нақтылайтын сұрақтарды қойыңыз. 

2. Эмпатия қалыптастыру стратегиясы

Көңіл-күйі жоқ не жағдайы болмай тұрған әріптесіңізді түсініп, оның сезімдерін бөлісуге тырысыңыз. Дене тілі, дауыс ырғағы сынды белгілерге назар аударып, әріптесіңіздің ішкі күйзелісін бөлісуіне мүмкіндік беру үшін онымен диалог бастаңыз. 

3. Ортақ тіл табысу

Мәселені шешудің негізін табу үшін ортақ мақсаттар мен мүдделерге көңіл бөліңіз. Мысалы, егер әріптесіңізбен арада жобаның басымдықтары бойынша келіспеушілік туындаса, ортақ мақсат – жобаның сәтті жүзеге асуына мән беріп, екі тарапқа да жайлы шешім табу үшін бірге жұмыс істеңіз.