ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) персоналды басқару қызметкерлеріне арналған өте қызықты воркшоп ұйымдастырды.
Воркшоп тренері – HR сарапшы Зүлфия Сембаева. Оның Chevron, Rompetrol, Kazmunaigaz-PM, Kazatomprom, Airbus, Epsco, Kentech және Kisorion компанияларында 15 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар.
Ол рекрутинг саласындағы трендтер туралы әңгімеледі.
«Сіз әңгімелесуден тамаша өткеніңізге қарамастан, сізді жұмысқа қабылдамады делік. Оған себеп, мысалы, рекрутерге сіздің жейдеңіздің түсі ұнамай қалған болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар орын алмауы үшін Google «сот алқасын» іске қосқан. Бұл жүйе бойынша адамды жұмысқа қабылдарда шешімді мүдделі емес адамдардың тобы қабылдайды. Ол қалай? Әңгімелесу қорытындысы бойынша толыққанды есеп әзірленеді, ал соңғы шешімді соның негізінде бұған мүлде қатысы жоқ адамдар қабылдайды. Мұндай механиканың мақсаты – адамды жұмысқа алуда адамдардың жеке ой-түсінігінің ықпалын болдырмау», – деп баяндады Зүлфия Сембаева.
Сарапшы персоналды жұмысқа қабылдауда жасанды интеллектіні қалай пайдалану керектігі туралы ақпаратпен де бөлісті:
- Виртуалды шындық технологиясын дамыту (VR)
- Үміткерлерді іздеуге арналған мамандандырылған платформалар
- Әрбір үміткерге көңіл бөлу
- Еңбек қатынастарының жұмсақ формалары және фриланс жағдайындағы жұмыстар туралы ұсыныстар
- Көшбасшылық қасиеттер мен жұмсақ дағдыларға акцент беру
- Іріктеу стратегиясының тиімділігін бағалау үшін талдау құралдарын ендіру
- Рекрутерлердің әкімшілік міндеттерінде роботтандырылған процестерді ендіру
Қатысушылар процестерге автоматтандырудың оң әсерлерін талқылап, таланттарды тартудағы рекрутингтің басымдықтары, мамандарды компанияда ұстап қалу жолдары және жас мамандармен жұмыс тәсілдері туралы тыңдады.
Еске салайық, МТАЖО тұрақты негізде ПІБ HR қауымдастығын дамытуға көңіл бөліп, воркшоп, семинар және оқу шараларын ұйымдастырады. 17 қарашада орталық HR конференция өткізіп, оған 250-ден астам адам қатысты.