Бәлкім, бәрі білетін шығар, ұзаққа созылатын жаңа жылдық демалыстан кейін жаңа жоспарлар мен міндеттерге кірісу оңайға соқпайды. Дегенмен, ол мүмкін шаруа. Жұмыс процесіне қалай тезі әрі оңай кірісіп кету жолдарын МТАЖО оқу орталығының жетекшісі Сезім Шорина айтып берді.
1. Эйзенхауэр матрицасы
Ұзынсонар шаруалар мен міндеттер тізімімен өзіңізді шаршатпас үшін жұмыстарды басымдығы бойынша реттеп алған дұрыс.
Бұған сізге Эйзенхауэр матрицасы көмектеседі.
«Жұмыстарды төрт санатқа бөліңіз: «Маңызды және асығыс», «Маңызды және асығыс емес», «Маңызды емес, бірақ асығыс», «Асығыс та, маңызды да емес».
Соңғылары туралы мүлде ұмытсаңыз болады. Басымдықтарды айқындаған соң, маңызды да асығыс жұмыстардан бастаңыз».
2. «Бақа жеу»
Бұл тәсіл туралы бизнес тренер Брайан Трейси жиі айтады. Ол ең қиын және өзіңізге ұнамайтын шаруаны бірінші орындауға негізделеді.
Бұл шаруамен таңертең, миыңыз әлі шаршамай тұрған кезде айналысқан дұрыс. Бұл жағдайда қиын және энергияны көп қажет ететін жұмысты орындау әлдеқайда оңай. «Бақаны жеп» қойған соң басымдығы азырақ шаруаларға кірісуге болады. Әдетте, оларға көбірек уақыт қалады.
3. «Пілді бөліп-бөліп жеу»
Миыңызды үлкен жұмыс көлемімен шошытып алмас үшін ауқымды шаруаны шағын кезеңдер немесе қадамдарға бөліп тастаған жөн. Бұл кезде оны еңсеру де оңайлай түседі. Әдетте жаһандық нәрселер өзінің бір атауымен-ақ, жауапкершілік жүгімен-ақ қорқытады. Мысалы, бір жаңа жобаны алайық. Алайда, сіз оны нақты қадамдар мен кезеңдерге бөліп тастасаңыз, жұмыс жеңілдеп салады.
4. Дедлайндар
Қандай да бір міндет не жобаны орындаудың нақты мерзімін белгілеп қойған абзал.
Мерзімі белгілі болғанда ол сізді тезірек жұмыс істеуге ынталандырып, шаруаны кейінге қалдыратын әдет – прокрастинацияны жеңіге көмектеседі.