ҚР ПІБ Медициналық орталығының Маңғыстау облысындағы күндерінің аясында 2023 жылғы 9 қарашада "МТАЖО" АҚ Оқу орталығы өңірдің мемлекеттік және жеке клиникаларының бас дәрігерлеріне арналған мастер-класс өткізді.
"МТАЖО" АҚ қызметі мен оның білім беру және HR салаларындағы мүмкіндіктері туралы Қоғам президенті Қази Тілеубеков айтып берді:
«Біздің орталықтағы оқытудың бір бағыты денсаулық сақтау саласына арналған. Бұл бағытта тіркеу бөлімі, әкімшілер, медициналық ұйымдардың call орталықтарының қызметкерлеріне, жеке және кәсіби құзырларды дамыту бойынша басшылық пен дәрігерлерге, орта және кіші медициналық персоналға коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша практикалық семинар/тренингтер өткізіледі.
Емханалар мен ауруханалар үшін эмоционалды күйзелістің алдын алу, күйзелісті басқару, науқастармен дауларды басқару, сервисті жақсарту бойынша корпоративтік форматтағы оқулар ұйымдастырылады», – деп әңгімеледі Қази Тілеубеков.
Мастер-класс барысында Оқу орталығының жетекшісі Сезім Шорина медициналық клиникаларда клиентке негізделген сервисті арттыру және бас дәрігерлердің басқарушылық құзыреттерін дамыту бойынша модульді бағдарламаларды таныстырды.
Сондай-ақ, "МТАЖО" АҚ бизнес-тренері және Erickson International кәсіби коучы Әсел Мұратова «Басшының эмоционалды интеллекті» тақырыбында мастер-класс өткізіп, оның аясында басқарудың тиімді құралдары мен техникалары туралы әңгімеледі.