ҚР ПІБ МО “Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының” (МТАЖО) тренерлері ұсынған лайфхакпен бөлісеміз.
Біздің миымыз ұзақ уақыт бойы бір нәрсеге зейін қоя алмайтынын білесіз бе? Зерттеулер көрсеткендей, өнімді жұмыстың орташа ұзақтығы 25-45 минутқа ғана созылады. Одан әрі адамның зейіні басқа нәрселерге ауа бастайды.
Бұл орайда сіздерге Pomodoro тәсілі туралы айтқымыз келеді. Ол келесі қарапайым қағидаға негізделген: Жұмыс не оқуды белсенділік және демалыс кезеңдеріне бөлу қажет.
Бұл тәсіл былай жұмыс істейді:
• Өзіңіз орындау қажет міндетті таңдап алыңыз.
• 25 минутқа таймер қойыңыз (бір “қызанақ").
• Таймер белгі бергенше дейін өз міндетіңізді орындауға бар зейініңізді салыңыз.
• Таймер белгі берген соң бір «қызанақтың» орындалғанын белгілеп қойыңыз.
• 5 минуттық үзіліс жасап, демалып алыңыз.
• Жоғарыда аталған циклді тағы 3 мәрте қайталаңыз (25 минут жұмыс, 5 минут үзіліс).
• Төрт «қызанақтан» кейін ұзағырақ, мысалы, 15-30 минуттық демалыс алыңыз.
Бұл тәсіл жұмыс күнін бірнеше кезеңге бөліп, әрі өнімді жұмыс істеп, әрі шаршамауға мүмкіндік береді.
Қолайлы болуы үшін таймер ретінде жұмыс істейтін дәл осы тәсілмен аттас мобильді қосымшаны жүктеп алуға болады.