МТАЖО орталығында HR-менеджерлерге аса қажет, кадрлық резервті дамытуға арналған оқу шарасы өтіп жатыр.
Кадрлық резерв – бұл білікті мамандардың базасы. Компания одан өзінің бос орындарына қажет дағдылар мен тәжірибеге ие кандидаттарды таңдай алады.
Мұндай тәсіл жұмысқа адам алу процесін жеңілдетіп, сәтсіз әңгімелесулер үлесін азайтады.
Тренер - Асел Муратова, International Academy of Emotional Intelligence директоры, Erickson International кәсіби коучы.
Ол келесі тақырыптар бойынша әңгімелейді:
* Компанияға кадрлық резерв не үшін қажет?
* Ол кадр тұрақсыздығын төмендетуге қалай ықпал етеді?
* Ол компания бюджетін қалай үнемдейді?