Адам жасына қатысты түрлі стереотиптерге қарамастан, 50 жастан кейінгі мансап та сәтті әрі табысты болуы мүмкін.
Бүгінде жұмыс берушілер үшін адамның жас ерекшелігі маңызын жоғалтып келеді. Қайта көптеген компаниялар жасы егде жұмысшылардың тәжірибесі мен біліктілігін көбірек бағалай бастады.
50 жастан кейін қандай мансаптарды иеленуге болады?
* Егер қазіргі қызметіңізге көңіліңіз толып, осы салада дамуға мүмкіндігіңіз болса, осы қызметте қалу;
* Жаңа салаға ауысу үшін қосымша білім немесе жаңа біліктілікті арттыру;
* Жеке өзіңіздің тәжірибеңіз бен біліміңізге сүйене отырып, фриланс форматында жұмыс істеу немесе өз-өзіңізді жұмыспен қамту;
* Жеке бизнес ашу немесе өз салаңыз бойынша кеңесші болу;
* Волонтерлік немесе білім беру қызметтеріне қатысу.
Жаңа мүмкіндіктерге ашық болып, еңбек нарығындағы өзгерістерге бейміделуге әрдайым дайын болу өте маңызды.
Өз біліктілігіңіз бен тиімді коммуникация жасай білуге деген сенімділік 50 жастан кейін сәтті мансап құруда маңызды роль ойнайды.
Айта кету керек, ҚР ПІБ Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) біліктілікті арттыруға, сондай-ақ жаңа салаларды меңгеруге арналған танымдық оқу бағдарламалары бар.
Орталықта негізінен салалық мамандандырылған білім беріледі, бірақ сонымен қатар «икемді біліктіліктерді» (soft skills) де меңгеруге болады. Мысалы:
• «Тайм-менеджмент»;
• «Топ ішіндегі тиімді коммуникациялар»;
• «сауатты әрі тиімді – іскерлік хат алмасу»;
• «Кайдзен»;
• «Компанияның бренд-амбассадорлары»;
• «Басшының эмоционалды интеллекті. Өзіңнің және қызметкерлеріңнің эмоциясын қалай басқаруға болады?» және басқалар.