Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) HR саласындағы мамандарға арналған оқыту өтті. Оқытуды ірі компанияларда басқарушы лауазымдарда қызметкерлермен жұмыс тәжірибесі 13 жылдан астам бизнес-жаттықтырушы Олеся Куур жүргізді. Ол «HR: міндеттері мен құзыреттері» тақырыбында тренинг өткізді.
Кәсіби HR-менеджер не істей білуі керек?
- Еңбек нарығын бақылау, кадрлармен қалыптасқан жағдай, нарықтағы орташа жалақы туралы ақпаратқа ие болу
- Кәсіби кадрларды іздеудің жаңа көздері мен әдістерін іздеу
- Әрбір жеке бос орынға профессиограмма жасай білу, яғни үміткердің қандай жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы керектігін жетік білу
- Жақын арада және болашақта қызметкерлердің қажеттіліктерін жоспарлау, қызметкерлердің резервін құру
- Персоналды дамыту, іскерлік мансапты жоспарлау бойынша бағдарламалар әзірлеу
- Тағылымдама, оқыту, біліктілікті арттыру, қызметкерлерді аттестаттау бағдарламаларын, тренингтік және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру
- Жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу
- Компания қызметкерлерінің ынтасын көтеру, жеке тәсіл табу
- Еңбек жанжалдары мен дауларды шешуге қатысу
Сондай-ақ, компанияның көлеміне байланысты сарапшы HR-менеджерлердің міндеттері әр түрлі болатындығын атап өтті. Ірі кәсіпорындарда HR-менеджер – «топтардың» бірі, яғни адам ресурстарын басқару бойынша бүкіл бөлімге басшылық ете алатын жоғары деңгейдегі басшылар. Бұл жағдайда HR-менеджер (персонал бойынша директор) кәсіпорынның барлық кадрлық саясатын анықтайды.