Басты бетШымкенттік дәрігерлерге Іс Басқармасы жүйесінде оқыту мүмкіндіктері туралы айтылды

Шымкенттік дәрігерлерге Іс Басқармасы жүйесінде оқыту мүмкіндіктері туралы айтылды

22 ақпанда Шымкенттегі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (ПІБ) Медициналық орталығының күндеріне Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) мамандары қатысты.

МТАЖО сарапшылары №1 Қалалық клиникалық ауруханада өткен іс-шараның қызметкерлері мен қонақтарына презентация жасады. Спикерлер орталықтың қызметі туралы айтып, ең маңызды жетістіктерді ұсынды, корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы трендтер туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ дәрігерлер мен басқа да бағыт мамандарын МТАЖО-да оқыту мүмкіндіктері туралы айтты. 

«Біздің орталық 10 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметін жүзеге асырып келеді және Президент Іс басқармасы жүйесінің ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамытуға және жетілдіруге бағытталған HR-консалтинг бойынша қызметтер көрсетуде. Орталықтың портфелінде онлайн/офлайн форматта жеке және іскерлік құзыреттілікті арттыруға бағытталған 70-тен астам білім беру шешімдері бар», - деді презентация барысында МТАЖО президенті Кази Тилеубеков.  

Тренингтер мен семинарлар әкімшілік-басқару персоналын, инженерлік-техникалық қызметкерлерді, HR- және IT-мамандарды, медицина қызметкерлерін дамытуға бағытталған.

Әкімшілік-басқару персоналы үшін жыл сайын мемлекеттік сатып алу, қаржы және экономика, еңбек заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, заң құқығы, ішкі бақылау және HR салаларын қамтитын семинарлар/тренингтер өткізіледі.

Қазіргі заманғы кәсіби қызмет тек жоғары мамандандырылған білімді ғана емес, сонымен қатар «икемді» дағдыларды (soft skills) – қасиеттерді игеруді талап етеді. Орталық осы бағытта да тренингтер өткізеді. 

«Оқытудың жекеленген блогы денсаулық сақтау бағыты бойынша әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер, әкімшілер, медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады. Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды шаршаудың алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен қақтығыстарды басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқыту жүргізіледі»,- деп қосты Кази Тилеубеков. 

Іс-шараға қатысушылар сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталықта оқу мүмкіндігін талқылады.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар Медициналық орталықты дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында еліміздің барлық өңірлері бойынша жыл бойы өткізілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында алғашқы презентациялар өтті.