2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ «ONBOARDING UDP» бейімдеу курсының II легін өткізді. Іс-шара Астана қаласындағы Президенттік орталықта ұйымдастырылып, ҚР ПІБ-ке қарасты ұйымдардың жаңадан қабылданған қызметкерлерін біріктірді.
Курс бағдарламасы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесімен жан-жақты таныстыруға бағытталды. Семинардың бірінші бөлімінде қатысушылар ҚР ПІБ құрылымы мен қызметі, ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару ерекшеліктері, цифрландыру үдерістері және қолданылатын ақпараттық жүйелер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар корпоративтік мәдениет, этикалық стандарттар, іскерлік хаттама және кәсіби даму мүмкіндіктері мәселелері қарастырылды.
Бағдарламаның практикалық бөлімі коммуникациялық дағдылар мен командалық өзара іс-қимылды дамытуға арналды. Бизнес-тренер, психолог және ойын практикасының маманы Гүлжан Байтанованың жетекшілігімен қатысушылар тиімді өзара әрекеттесуді қалыптастыруға және жаңа кәсіби ортаға сенімді бейімделуге бағытталған командалық ойындар мен интерактивті жаттығуларға қатысты.
«ONBOARDING UDP» бейімдеу курсы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының адами капиталды дамыту жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Бағдарлама бірыңғай корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға және жаңа қызметкерлердің жұмыс үдерістеріне тезірек бейімделуіне ықпал етеді.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, кері байланыс алу және бейімдеу бағдарламасын одан әрі жетілдіру мақсатында қорытынды сауалнама жүргізілді.
«МТАЖО» АҚ ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға және олардың табысты кәсіби қалыптасуына қолайлы орта құруға бағытталған білім беру және бейімдеу жобаларын іске асыруды жалғастырады.