Басты бет«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президент...

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті тағайындалды

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті тағайындалды

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті лауазымына Ибраева Меруерт Серікқызы тағайындалғанын хабарлайды.

Меруерт Серікқызы – мемлекеттік және жергілікті басқару саласының магистрі. Ол Карл Винсон атындағы Үкімет институтында, сондай-ақ Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінде кәсіби тағылымдамадан өткен. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қалыптасқан мол басқарушылық және сараптамалық тәжірибеге ие.

Меруерт Серікқызының жалпы еңбек өтілі 24 жылдан астам. Әр жылдары ол мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық институттарда жауапты және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Кәсіби жолының маңызды кезеңдеріне Ақмола облысының экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасында, мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ішкі істер Министрлігінде, сондай-ақ ішкі саясат, қоғамдық даму және халықаралық ынтымақтастық салаларына қатысты құрылымдардағы қызметтері жатады.

2019–2024 жылдары Меруерт Серікқызы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеп, ішкі саясат, мемлекеттік басқару және коммуникациялар бағыттарын қамтитын бөлімшелерде инспектор және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым Департаментін басқарды.

Меруерт Серікқызының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті қызметіне тағайындалуы Қоғамның басқару командасын нығайтуға, стратегиялық бағыттарды дамытуға және жобаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

"МТАЖО" АҚ басшылығы мен ұжымы Меруерт Серікқызының кәсіби тәжірибесі, жүйелі ойлау қабілеті және мемлекеттік басқару үдерістерін терең меңгеруі Орталықтың тұрақты дамуына және алға қойылған міндеттердің табысты орындалуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.