«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ агроөнеркәсіп кешені саласында цифрлық шешім прототипін әзірлеу мақсатында ашық жоба конкурсын жариялайды.
🎯 Конкурстың мақсаты
Конкурстың мақсаты – Ақкөл қаласының аумағында агротехникалық іс-шараларды қолдау үшін жерді қашықтан зондтау деректерін (спутниктік технологиялар) және/немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдану арқылы перспективалы цифрлық шешімді іздеу және іріктеу болып табылады.
Ұсынылатын шешім картографиялық интерфейсі бар цифрлық платформа түрінде болуы тиіс және ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын талдауға, деректерді визуализациялауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған аналитиканы қалыптастыруға бағытталуы қажет.
👥 Қатысушылар
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алады:
- стартап-командалар;
- жобалық топтар;
- кемінде екі адамнан тұратын жеке және заңды тұлғалар.
Конкурсқа қатысу тегін.
🗂 Конкурс кезеңдері
I кезең — сырттай іріктеу
📅 2025 жылғы 24 желтоқсан
II кезең — презентация және демонстрация
📅 2025 жылғы 25–26 желтоқсан
(онлайн немесе офлайн форматта)
🏆 Қорытындылау
- Жеңімпазды анықтау — 2025 жылғы 27 желтоқсан
- Нәтижелерді жариялау — 2025 жылғы 29 желтоқсаннан кешіктірмей
📩 Өтінімдерді қабылдау
🗓 2025 жылғы 23 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)
📧 Kamarova_AE@cmtis.udp-rk.kz
☎️ Байланыс нөмірі
📞 8 (7172) 75-37-05
📞 +7 777 772 3362
Қамарова Айнұр Ерғалиевна - конкурсты ұйымдастыру жетекшісі
⚠️ Маңызды
Конкурсты өткізу «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ тарапынан қатысушылармен шарт жасасу бойынша міндеттеме болып табылмайды. Бұдан әрі ынтымақтастық туралы шешім конкурстық іріктеу мен келіссөздер нәтижелері бойынша қабылданады.