Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Басшысы орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында, Республика даңғылы 62 мекенжайындағы нысанда Сарыарқа ауданының ТЖД-мен бірлесіп шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты — қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, жедел әрекет ету дайындығын тексеру және төтенше жағдайларды жою дағдыларын жетілдіру.
Жаттығуға келесі күштер мен құралдар пайдаланылды:
-
2 өрт сөндіру көлігі (АЦ-540 және АЦ-440);
-
кезекші автомобиль;
-
13 қызметкерден тұратын жеке құрам.
Сценарий бойынша нысан ішінде шартты өрт шықты. Осыдан кейін қызметкерлерді тез арада эвакуациялау және өртті жоюға қажетті күштерді жедел жұмылдыру басталды. Өрт сөндірушілердің уақытылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында шартты өрт толықтай оқшауланып, сөндірілді.
Оқу-жаттығу барысында ғимараттан 50 қызметкер эвакуацияланды. Эвакуация уақыты нормативтерге сай болды, ал персонал қауіпсіздік нұсқаулықтарын сақтап, ұйымдасқан түрде әрекет етті.
Сарыарқа ауданының ТЖД өкілдері мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің және ұйым қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі дайындығын арттыруға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың әрекеттері талқыланып, нысанның өрт қауіпсіздігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.