Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ бөлім басшылары жүйені дамытудағы жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және қосқан үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды.
Камарова Айнур Ерғалиевна, «МТАЖО» АҚ HR-бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы Асхат Булатович Нұрпеисовтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапат оның кадрлық саясаттың тиімділігін арттыру, корпоративтік мәдениетті дамыту және ұйымдық процестерді жетілдіру ісіне қосқан маңызды үлесінің мойындалуы болып табылады.
Караманова Анара Сапабековна, «МТАЖО» АҚ ӘБП және ӨП құзыреттерін дамыту орталығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Рустам Қуанышбекұлы Албаевтың атынан «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Жоғары марапат оның кәсіби шеберлігін, жауапкершілігін, сондай-ақ мамандарды даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін айғақтайды.
«МТАЖО» АҚ ұжымы Айнур Ерғалиевна мен Анара Сапабековнаны лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды, адал еңбектері мен іске берілгендіктері үшін алғыс білдіреді.
Алдағы уақытта да зор табыс, жаңа жетістіктер және кәсіби даму жалғаса берсін деп тілейміз!