Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға...

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері марапаттарға ие болды

24 қазан 2025 жыл, Республика күні қарсаңында,
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және Медициналық орталыққа қарасты мекемелердің тиімді қызметіне елеулі үлес қосқан қызметкерлер кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

Салтанатты іс-шараға ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Әбілдинов қатысып, сала мамандарына адал еңбегі мен денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Медициналық орталықтың басшысы Рустам Албаев өз сөзінде бұл марапаттардың мамандардың көпжылдық еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы кәсіби және жауапты мамандардың еңбегінің арқасында бүкіл жүйенің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп отыр.

«Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Сонымен қатар, Медициналық орталықтың ведомстволық марапаттары — «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісі және Құрмет грамоталары 30-дан астам қызметкерге табысталды.

Жалпы алғанда, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың 86 қызметкері ведомстволық наградаларға ие болды.