
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына жолдаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А.Б. Нұрпеисовтың тапсырмасына сәйкес «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ (ЦМТИС) ұжымымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Аппаратының Басшысы Серік Абдрахманұлы Кенжебаев пен ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Витальевна Бюрабекова жүргізді.
Талқылау барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басым бағыттар жан-жақты қаралды. Әсіресе денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллектті енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, деректерді өңдеу үдерістерін оңтайландыруға және ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға арналған ЖИ-ді пайдалану бойынша нақты шаралар талқыланды.
Кеңес қатысушылары Президент белгілеген стратегиялық міндеттерді іске асыруға МТАЖО-ның белсенді қатысуға дайындығын растады және кешенді әрі үйлестірілген тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, Іс басқармасы Аппаратының басшысы барлық құрылымдық бөлімшелердің нақты өзара іс-қимылын және цифрлық трансформацияның негізгі мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ медициналық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларды уақтылы орындау қажеттігін атап өтті.