





«Дәрігер Talks» алаңында ақ халатты абзал жандар құрметке ие болды.
2025 жылдың 19 маусымында Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «AMANAT» партиясының бастамасымен ерекше форматтағы іс-шара – «Доктор Talks» атты ашық алаң өтті. Бұл — тек бір кездесу ғана емес, қоғам мен медицина арасындағы сенімді нығайтуды көздейтін маңызды диалог алаңы болды.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген дәрігерлер, фельдшерлер, орта буын медицина қызметкерлері, партия белсенділері мен медициналық туризм саласының өкілдері жиналды. Ашық әрі еркін форматта өткен алаңда дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғам алдындағы жауапкершілік, кәсіби бедел және медицинадағы адами фактордың маңызын сөз етті.
Бұл шараның негізгі мақсаты — дәрігерлерге деген сенімді қалыптастыру және медицина қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін нығайту. Өйткені ақ халатты абзал жандардың еңбегі – адам өмірінің сақшысы ғана емес, мемлекеттің де басты байлығы саналатын қоғамдық денсаулықтың кепілі.
Салтанатты жиында елімізге еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлеріне жоғары марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Құрмет көрсеткен тұлғалар қатарында — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шарипбаевна болды.
Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының білікті дәрігерлері де осы марапатқа лайық деп танылды:
-
Саршаев М.А. — нейрохирург,
-
Бердиходжаев М.С. — нейрохирург,
-
Маханбет М.Е. — ЛОР дәрігері.
Бұл марапат – тек кәсіби жетістік емес, қоғамдық сенім мен алғыстың айқын көрінісі.
Бүгінгі таңда медицина тек ғылым мен технология емес — бұл үлкен адамгершілік миссия. Ал осындай іс-шаралар арқылы дәрігерлердің еңбегі лайықты бағаланып, олардың қоғамдағы беделі арта түсетіні сөзсіз.