
Бүгінде кәсіби құзыреттілік тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасау, бейімделу, шешім қабылдау және басқалармен тиімді жұмыс істеу қабілетімен де өлшенеді. Сондықтан soft skills — яғни икемді дағдылар — жас мамандар үшін де, тәжірибелі кәсіби мамандар үшін де басты басымдыққа айналып отыр.
Soft skills-ке не жатады?
- коммуникация және тыңдай білу,
- командада жұмыс істеу,
- эмоционалды интеллект,
- сыни және креативті ойлау,
- уақыт пен күйзелісті басқару,
- бейімделгіштік және өзін-өзі оқыту қабілеті.
Бұл дағдылар белгілі бір мамандыққа тәуелді емес — олар әмбебап және кез келген салада тиімділікке тікелей әсер етеді.
Неліктен soft skills-ті дамыту маңызды?
Жақсы дамыған икемді дағдылар тиімді жұмыс қатынастарын құруға, өзгерістерге тез бейімделуге, сенімді сөйлеуге және ойды жеткізе білуге, негізделген шешімдер қабылдауға, командаға табысты басшылық етуге және шабыттандыруға көмектеседі
Сұхбат барысында да, жұмыс процесінде де soft skills көбіне үміткерді таңдау не мансаптық өсуде шешуші факторға айналады.
Soft skills-ті тәжірибе арқылы қалай дамытуға болады?
1.Күнделікті жағдайларды талдаңыз.
Іскерлік кездесулер мен жобалардан кейін өзіңізге сұрақ қойыңыз: қарым-қатынас қалай өтті? Нені жақсартуға болар еді? Бұл рефлексия мен сананы дамытуға көмектеседі.
2.Кері байланыс сұраңыз.
Әріптестер мен басшылық тарапынан тұрақты, құрылымды кері байланыс — өзіңізді сырттан көруге және мінез-құлықты мақсатты түрде жақсартуға мүмкіндік береді.
3.Оқыңыз және білім алыңыз.
Коммуникация, көшбасшылық және эмоционалды интеллект жайлы кітаптар пайдалы теория береді. Ал кәсіби тренингтер мен курстар бұл дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеруге көмектеседі.
4.Командада тәжірибе жасаңыз.
Ортақ жобаларға, пікірталастарға, воркшоптарға қатысыңыз. Топпен жұмыс жасау — өзара әрекеттесу және қақтығыстарды шешу дағдыларын дамытудың ең тиімді жолы.
5.Эмоционалды тұрақтылықты дамытыңыз.
Күйзеліс жағдайларында өз-өзіңізді басқара білу — саналылықты дамыту, тыныс алу жаттығулары, уақытты басқару және зейінді жаттықтыру арқылы келеді.
Soft skills — кәсіби икемділіктің негізі.
Оларды дамыту мүмкіндіктерге жол ашады, мансапта жылдам өсуге және қазіргі жұмыс ортасының қиындықтарын тиімді еңсеруге көмектеседі.