Басты бетКез-келген сценарийге дайын болу: антидағдарыстық жоспарлау

Кез-келген сценарийге дайын болу: антидағдарыстық жоспарлау

Кез-келген сценарийге дайын болу: антидағдарыстық жоспарлау

Алдын ала болжауға келмейтін және тәуекелдері көп болып бара жатқан бүгінгі әлемде дағдарыстарға жылдам әрекет ету – жетістікке жетудің кепілі. Антидағдарыстық жоспарлау – тек шаралар жиынтығы емес, ол кез-келген міндеттерге компанияны дайын етудің кешенді жолдары.

Бұл не үшін қажет?

Дағдарыс кез-келген уақытта туындауы мүмкін: экономикалық өзгерістер, технологиялық ақаулар, кадрлық проблемалар немесе тіпті, табиғи апаттар. Алдын ала дайындалған компаниялар мұндай жағдайда өз қызметін жедел қалпына келтіріп, шығындарды барынша азайта алады.

Қалай дайындалу керек?

1️ Тәуекелдерді бағалау:

Сіздің компанияңыз үшін экономикалық өзгерістер немесе технологиялық ақаулар болсын, қандай қауіптер барын талдаңыз.

2️ Сценарийлерді әзірлеу:

Дағдарыс жағдайларының бірнеше сценариін әзірлеп, оларды шешудің ықтимал қадамдарын жазып шығыңыз. Әрбір сценарий үшін әрекеттер жоспарын дайындаңыз.

3️ Рөлдерді айқындау:

Дағдарыс жағдайындағы негізгі әрекеттер үшін жауапты адамдарды тағайындаңыз. Әрбір қызметкер өзінің рөлі мен міндеттерін білуі тиіс.

4️ Қауіпсіздіктің қаржылық «жастығы»:

Күтпеген шығындарға тап болған кезде компания жұмысын жалғастыра беруі үшін резерв қорын құрыңыз.

5️ Коммуникация:

Қызметкерлермен, серіктестермен және клиенттермен байланыстың ашық арналарын ұстаныңыз. Жедел ақпараттандыру дүрбелеңнің алдын алып, сенімді күшейтеді.

Есте сақтаңыз:

Антидағдарыстық жоспарлау – қағаз бетіндегі жоспар ғана емес, түрлі дағдарыс жағдайларында тез шешім қабылдаудың, жұмсақтық пен әрекет етуге дайын болудың мәдениеті.

Кез-келген сценарийге дайын болыңыз, сонда дағдарысты еңсеріп қана қоймай, қайта одан мықты болып шығасыз!