Құрамына МТАЖО кіретін ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Абай облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат өңірдің денсаулық сақтау жүйесін цифрлық технологияларды және медициналық ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып дамытуға бағытталған.
Медициналық орталықтың өңірдегі күндері аясында МТАЖО Семейде шара өткізіп, жергілікті медициналық мекемелерге олардың жұмысын жақсартуға арналған жетекші шешімдерді ұсынды.
Мысалы, орталық «Жедел медициналық көмек ауруханасында» медициналық ұйымдарға арналған инновациялық шешімдерді таныстырды. Қозғалған негізгі тақырыптар:
- Колл орталығын автоматтандыру, тиімді коммуникация, сату дағдылары және медициналық ұйым қызметтерін дамыту бойынша оқулар.
- Науқастармен өзара жұмысты басқару және клиниканың ішкі процестерін оңтайландыру үшін CRM жүйелерін енгізу;
- Медициналық мекемелер үшін пайдалы автоматтандыру тәсілдерін бағалау және енгізу.
- Мәліметтерді басқару және медициналық мекемелердің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану.
Шараға басшылар мен олардың орынбасарларын қоса алғанда, облыстың медициналық ұйымдарының 68 өкілі қатысты.
Сондай-ақ, «Семей Медициналық Университеті» Университеттік ауруханасының базасында МТАЖО президенті арнайы баяндама жасады. Кездесуге Абай облысының әкімі, әкімдік өкілдері және медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Кездесу барысында Абай облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы арасында облыстың денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.