Үздік компаниялар туралы әңгіме қозғалғанда олардың жетістіктерінің артында басқарудың қиын жүйесі тұрғандай көрінеді. Алайда, егер тереңірек үңілсеңіз, олардың көбі жоғары жетістіктерге қарапайым, бірақ тиімді тәсілдермен қол жеткізгенін аңғарасыз.
Бүгін біз бірнеше халықаралық компаниялардың сәтті мысалдарын қарастырмақпыз. Команданы басқару тақырыбына біз МТАЖО орталығының «Стратегиялық менеджмент» сабақтарында тереңірек бойлаймыз.
Amazon кейсі
Амазон өзінің клиентіне ең басты құндылық деп қарайды. Өнімді әзірлеуден оны жеткізуге дейінгі әрбір процесс клиентке қолайлы болуына және оның қалауына сай болуына негізделеді. Басты сабақ: егер мақсаттар түсінікті және баршаға ортақ болса, басқару жеңілдей түседі.
Toyota кейсі
Lean әдістемесінің мәні – шығындарды азайту және процестерді тұрақты түрде жақсарту. Мұндай тәсіл өзгерістерге тез бейімделуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Шешім: процестерді басқарудағы қарапайымдылыққа қажетсіз қадамдарды алып тастау арқылы қол жеткізуге болады.
Netflix кейсі
Қызметкерлерге сенім – сәттіліктің негізі. Netflix әрекеттер еркіндігі мен жоғары жауапкершілік үйлесім табатын корпоративтік мәдениетті құрған. Нәтижесі – команда тудырған инновациялық шешімдер. Сабақ: Сенім басқаруды жеңілдетіп, команданы күшейтеді.
Нені басшылыққа алуға болады?
- Негізгі мақсаттарға мән беріңіз.
- Команда өзінің ролін түсінуі үшін процестерді жеңілдетіңіз.
- Еркіндік пен жауапкершілік үшін орта құрыңыз.