МТАЖО орталығында «Мемлекеттік сатып алулар» семинары сәтті өтті. Оны 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы Наталья Худайбергенова жүргізді.
Семинар қатысушылары сатып алу процестерінің негізгі аспектілерін егжей-тегжей қарастырып, заңнамадағы соңғы өзгерістермен, сондай-ақ барлық қатысушылардың жауапкершілігін күшейту және автоматтандыру тәсілдерімен танысты. Шағым түсірудің жаңа тетіктері мен Бірыңғай сатып алу платформасын құру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Семинар тыңдаушыларға тек ілім-білімін жаңартып қана қоймай, өзінің кәсіби дағдыларын арттырып, құзыреттерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік ұсынды.