ҚР ПІБ жаңа қызметкерлеріне арналған Онбординг курстың бірінші легі сәтті аяқталды. Бұл курсты МТАЖО жаңа қызметкерлердің корпоративтік мәдениетке тез бейімделіп, жұмыс процестерін меңгеруі және жаңа жұмыс орнында өз сенімділігін күшейтуі үшін ұйымдастырған болатын.
Онлайн форматтағы оқу шарасы құзыреттер мен кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Курс соңында қорытынды тестілеуден сәтті өткен қатысушылардың бәрі бағдарламаны тәмамдағаны туралы арнайы сертификаттарға ие болды.
Курс барысында қатысушылар ұйым қызметінің негізгі аспектілерімен танысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында жаңа регламенттер, стандарттар және басты корпоративтік құндылықтар бар.