Ынталы команда – сіздің компанияңызды жетістікке жетелейтін қозғалтқыш күш. Дегенмен, жұмысшылардың ынта-жігері мен қызығушылығын қалай үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға болады? МТАЖО сарапшылары бұл ретте сізге көмектесе алатын 5 тиімді тәсілді ұсынады!
1️) Шешім қабылдау процесіне қатыстыру
Өз қызметкерлеріңіздің компанияның негізгі шешімдеріне ықпал етуіне мүмкіндік беріңіз. Қызметкерлер өзінің пікірінің маңызды екенін көргенде жұмысқы ынтасы күшейіп, белсенділігі артады.
2️) Дербес мақсаттар мен мансапты дамыту
Лауазым бойынша өсу мүмкіндігі барына қызметкерлеріңіздің көзін жеткізіңіз. Қызметкермен бірге жеке даму жоспарын жасаңыз, ол біліктілікті арттыруды, жаңа жобалар мен мансаптық мүмкіндіктерді қамтитын болсын. Дербес мақсаттар қызметкерлерге өзінің бағыты мен қызметінің мән-маңызын сезінуіне көмектеседі.
3️) Сыйақы және бонустар беру жүйесі
Сыйақының ашық жүйесін енгізіңіз, ол тек қаржылық көрсеткіштерді ғана емес, креативтілік, командалық жұмыс және бастамашылдық сынды өзге де аспектілерді қамтитын болсын.
4️) Кері байланыс және коучинг
Жұмыс нәтижелерін талқылау үшін тұрақты кездесулер өткізіп, жұмысшылармен конструктивті кері байланыс жасаңыз. Қызметкерлердің мықты және әлсіз тұстарын анықтау және оларды дамытуға көмек беру үшін коучингті қолданыңыз.
5️) Салауатты өмір салты және әл-ауқат
Өз қызметкерлеріңіздің салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасаңыз. Спорттық шаралар ұйымдастырып, қызметкерлердің фитнес-залға баруына жағдай жасаңыз, болмаса күйзелісті басқару бойынша бағдарламаны енгізіңіз.