МТАЖО жыл басынан бергі 7 айда 51 тренинг өткізді. Тыңдаушылардың жалпы саны 1300-ден астам адамды құрады. Олардың ішінде медициналық ұйымдардың жұмысшыларына арналған 27 семинар өткізілсе, оларға 1000-нан астам адам қатысты.
Орталық, сондай-ақ ҚР ПІБ ведомстволық бағынышты ұйымдарда HR жобаларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. МТАЖО 12 300-ден астам жұмысшының жеке картасын әзірлесе, олардың 3100-ден астамы бекітіліп, қалғаны қарастырылу үстінде. 14 ұйымда барлық персоналға арналған KPI әзірленіп, бекітілді.