Басты бетCall-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг

Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг

Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг Call-орталық жұмысын жақсарту бойынша тренинг

МТАЖО орталығында медициналық мекемелерге арналған сall-орталықтың тиімді жұмысы бойынша тренинг өтті

Біздің орталықта медициналық мекемелердегі сall-орталықтың тиімді жұмысына арналған оқу шарасы болды. Тренингке сall-орталық операторлары мен науқастармен жұмыс істейтін мамандарды қоса алғанда түрлі бөлім қызметкерлері қатысты. Шараны тәжірибелі бизнес-тренер және коммуникация мен сату техникасы саласында көпжылдық жұмыс өтілі бар коуч Алмаз Амалбеков жүргізді. 

Алмаз Амалбеков – клиенттік сервис және сату саласындағы білікті сарапшы. Ол клиенттермен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша көптеген тренингтер мен семинарлардың авторы. 

Тренингте Алмаз Амалбеков науқастармен коммуникация жасаудың қыр-сыры, алғашқы әсер қалдырудың маңызы және сәтті сатылымның негіздері туралы өзінің терең білімімен бөлісті. Бұл оқу біздің мамандарға науқастармен қарым-қатынас жасау дағдысын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге клиенттерге қызмет көрсету сапасын және олардың қанағаттану деңгейін арттыруына мүмкіндік берді.