Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы (ҚР ПІБ) медициналық ұйымдарының басшыларына арналған «Денсаулық сақтаудағы өзгерістерді басқару және даму» тақырыбында оқу семинарын өткізді. Шараға өз мекемелерінде басқару деңгейін арттыру және жетекші тәжірибелерді енгізуге мүдделі жоғары және орта буын өкілдері қатысты.
Семинардың бас спикері – AlmaU Жоғары бизнес мектебінің тәжірибелі бизнес-тренері, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА бағдарламасының оқыушысы, ТМД Спикерлер қауымдастығының (CISSA) мүшесі және іскерлік әкімшілендіру магистрі Тимур Қалдыбаев болды. Оның бай тәжірибесі мен терең білімі семинар қатысушыларына бірегей де пайдалы инсайттар алуға мүмкіндік берді.
Тимур Қалдыбаев интерактивті форматта тиімді стратегиялармен, жылдам өзгеріп жатқан денсаулық сақтау жүйесінде бейімделу мен даму тәсілдерімен бөлісті. Семинар қатысушылары заманауи жаңалықтарды игеру мен өз ұйымдарында басқаруды жақсарту мен инновациялық шешімдерді енгізу жолдарымен танысты.
Семинар топтық талқылау, практикалық тапсырмалар мен кейс-стадияларды қоса алғанда, өзара қызметтің түрлі формаларын қамтыды. Қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және сарапшыдан құнды кеңестер алды. Қиын жағдайларды басқару тәсілдері мен өзгерістерді енгізу кезінде қателіктердің алдын алуға айрықша көңіл бөлінді.