Профессор Луфт МОА медициналық қызметкерлеріне ауыр науқастарды нутритивті қолдау тақырыбында оқу оқу семинарын өткізді. Сарапшы клиникалық тамақтану саласындағы соңғы жетістіктер мен заманауи тәсілдер туралы, сондай-ақ оларды еңсерудің ықтимал мәселелері мен жолдары жайлы әңгімеледі.
Валерий Матвеевич Луфт – медицина ғылымдарының докторы, профессор, И.И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ҒЗИ клиникалық тамақтану зертханасының жетекшісі, Парентеральды және энтеральды тамақтанудың Өңірлің Солтүстік-Батыстық қауымдастығының (РФ) президенті.