ҚР Президенті Іс бақсармасы Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының президенті болып Асқат Әшімов тағайындалды.
Асқат Әшімов 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Ағылшын және неміс тілдері мұғалімі» мамандығы бойынша, 2009 жылы осы жоғары оқу орнын «Заң» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Прагадағы Карлов университетінде «Болашақ» бағдарламасы аясында «Демограф; әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Шет тілдері кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2012 мен 2013 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (Астана қаласы) Білім беру саясаты және бағдарламалары департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.
2013 пен 2016 жылдары «Білім беру ресурстық орталығы» Жеке мекемесінде контент әзірлеу бөлімінің аға менеджері.
2016 мен 2020 жылдары - «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалында ОӘК әзірлеуді басқару бөлімінің бастығы.
2020 мен 2023 жылдары – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалы директорының орынбасары.
2023 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (Астана қаласы).
2024 жылғы ақпаннан бастап қазірге дейін «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер» АҚ вице-президенті болып жұмыс істеді.
Асқат Әшімов - Президенттік жастар кадр резервінің (ПЖКР) мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс бақсармасы Медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жұмыста сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі.