Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі – Қызметкерлерді жұмыс нәтижесін жақсарту және олардың жақсырақ жұмыс істеуіне құлшыныс арттыруға бағытталған тәсілдер мен шаралардың жиынтығы.
Көптеген зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижесі қызметкерлердің осы компанияда қалу не жаңа мүмкіндіктер іздеу туралы шешім қабылдауында ынталандыру бағдарламаларының негізгі рөл ойнайтынын көрсетеді.
МТАЖО HR құралдарды енгізу бойынша көптеген тренингтер өткізеді! Орталық сарапшылары қызметкерлерді не үшін ынталандыру қажет екені туралы баяндап берді.
Ынталандыру жүйесінің 4 негізгі элементі:
- Қаржылық бонустар мен сыйақылар
- Қызметте жоғарылау
- Қосымша демалыс беру және корпоративтік шаралар түріндегі бонустар
- Ынталандыру марапаттары мен сыйлықтар
Ынталандыру жүйесінің пайдасы қандай?
- Қызметкерлерді ынталандыру
Ынталандыру қызметкерлердің жұмыс процесіне ынтасы мен қызығушылығының деңгейін арттырады.
- Өнімділікті арттыру
Ынталандыру жүйесі жұмыс нәтижесі мен оның тиімділігін жақсартады.
- Корпоративтік мәдениетті күшейту
Ынталандыру жүйесі ұжымда өзара түсіністік және әріптестік атмосферасын қалыптастырады.
- Дарынды қызметкерлерді ұстап қалу
Тартымды шарттар мен бонустар үздік мамандарды компанияда ұстап қалуға көмектеседі.