🎯 Орталық мамандары Қарағанды облысының медицина қызметкерлерімен өз тәжірибелері мен білімімен бөлісті. МТАЖО орталығының ауқымды да қызықты тренингтері өңірдегі ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында өткізілді.
🔥 120-дан астам адам профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көп профильді ауруханада шеберлік сыныбына қатысты.
👩🏻💻 МТАЖО президенті Гүлнұр Бөкенова заманауи басшының кәсіби құзыреттеріне арналған тренингте жеке тәжірибесімен және лайфхактармен бөлісті.
👩🏻💼 Сондай-ақ, кадрлық қызмет жұмысшылары үшін сарапшы кадрлық іс қағаздары жүйесі қалай автоматтандырылғаны, кадрлық есеп процесі жұмысқа қабылдаудан бастап жұмыс уақытын есептеуге дейін қалай жеңілдетіліп, оңтайландырылған туралы инсайттарды әңгімеледі. Сонымен қатар, ол бұл жұмыстың бәрі қалай шығындарды азайтып, кадрлық қызметтің жұмыс бағытын HR процестерге қалай бұрғаны туралы ақпаратпен бөлісті.
💪🏼 Спикер қазір ПІБ HR-трансформациясы кезеңінен өтіп жатқанын және оның барысында кадрлық әлеуетті басқарудың предиктивті жүйесі жүзеге асырылып жатқанын баяндады.
Сондай-ақ, ол медицина саласы жұмысшылары үшін KPI тағайындау жолдарын түсіндірді.
🏥 Одан бөлек, Гүлнұр Бөкенова тағы бір сарапшы – МТАЖО медициналық жұмысшылардың құзыретін арттыру орталығының басшысы Жаннат Сағынбердіқызымен бірге дәрігерлерге команда ішінде тиімді коммуникация құру жолдары және науқасқа негізделген сервис қағидаларын ұстану туралы әңгімеледі.
⭐️ Шеберлік сыныбына қатысқан дәрігерлер атап өткендей, олар көптеген пайдалы да қызықты ақпаратқа қаныққан. Бұл білім ауруханалардағы бизнес процестерді жақсартып, ұжым ішіндегі жұмысты жолға қоюға көмектеседі.