Басты бетПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады

ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады

ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады ПІБ өзінің кәсіби HR қауымдастығын қалай дамытады

Нарықтағы бәсекелестік жылдан жылға өткір болып келе жатқан заманауи әлемде HR мамандар (немесе персоналды басқару мамандары) компанияның сәтті қызметінде маңызды роль ойнайды.

Бұл мамандық өкілдері тек дарынды қызметкерлерді қабылдау, оқыту және компанияда ұстап қалуға ғана жауапты емес, сонымен қатар ұйымның гүлденуіне негіз болатын корпоративтік мәдениетті де қалыптастырады.

Бұл сала жұмысшыларының маңызын ескере отырып, ҚР Президенті Іс басқармасы олардың дамуына үлкен күш салып келеді. ПІБ жүйесінде бұл маңызды міндет Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығына (МТАЖО) жүктелген. Ол ПІБ басқармасының 2 ведомстволық және 24 ведомстволық бағынышты ұйымды бірыңғай HR қауымдастыққа біріктірген.

Ол туралы МТАЖО президенті Гүлнұр Бөкенова толығырақ әңгімелеп берді:

«Біздің шаралар – жай ғана кездесулер емес. Олардың қатарында үздік сарапшылардың қатысуымен өтетін воркшоптар, оқыту тренингтері, ауқымды конференциялар мен қарапайым корпоративтік ивенттердің шекарасынан әлдеқайда асып кететін өзге де шаралар бар. Біз жай ғана оқып қоймаймыз, біз ең қиын кадрлық міндеттерді шеше алатын, бір-біріне шабыт сыйлауға және тәжірибесімен бөлісуге дайын HR мамандардың мықты қауымдастығын құрамыз»

 

HR конференциялар

МТАЖО президенті атап өткендей, 2023 жылдың соңында Астанада «HR және цифрлық технологиялардың гармониясы: үздік командаларға арналған инновациялар» тақырыбында конференция өтті. Шара өз саласының мықты сарапшылары мен көшбасшыларын жинап, олар цифрлық технологиялар дәуіріндегі персоналды басқарудың жаңа тәсілдерін әңгімеледі.

Аудитория алдында мемлекеттік құрылымдардағы, еліміздің белгілі медициналық хабтарындағы, ірі қазақстандық компаниялардағы HR және IT бөлімшелердің жетекшілері мен беделді бизнес тренерлер сөз сөйледі.

Конференция спикерлері рекрутинг пен персоналды бейімдеуде Digital құралдарды қолдану, HR, дағдарыстық басқару стратегиясының тиімділігін арттыру, KPI және персоналды ынталандыру, инклюзивті HR және командадағы әртүрлілік, цифрлық гигиена және қауіпсіздік, персоналды басқарудағы эмоциялық интеллект және өзге де тақырыптарды көтерді.

Конференцияны ҚР ПІБ МЕдициналық орталығының басшысы Алексей Цой ашты, ал сессияларға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Эльмира Каримова және өзге де компаниялардың өкілдері қатысты.

HR воркшоптар

Сондай-ақ, Гүлнұр Бөкенова МТАЖО әр ай сайын HR қауымдастықтарға арналған воркшоптар өткізетінін атап өтті. Оның барысында қатысушылар оқу шарасынан өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады және практикалық кейстерді қарастырады.

Воркшоптарға өз саласын бойынша көп жылдық тәжірибесі бар білікті сарапшылар спикер ретінде қатысады.

HR, СМЖ, автоматтандыру және трансформация саласындағы практик сарапшы Игорь Несен оқуға қатысушыларға корпоративтік мәдениет және стратегиялық менеджмент туралы әңгімеледі. Бүгінде жайлы жұмыс ортасы жұмысшылардың өнімділігіне тікелей әсер ететінін дәлелдеген көптеген зерттеулер бар.

Тренер KPI, жүйесін ендірудің сәтті тәжірибесі, жұмысты жоспарлау және тиімділікті арттыру үшін HR құралдарын қолдану, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен бұл оқытулардың тиімділігін талдау туралы әңгімеледі.

Ірі халықаралық компанияларда 15 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар HR сарапшы Зүлфия Сембаева персоналды іріктеу және қабылдау, сондай-ақ құзыреттерді бағалау тақырыбында әңгімеледі. Тренер HR мамандарды тұрақты оқыту мен дамыту ұйымның қаржылық көрсеткіштеріне тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Жалпы, тренерлер персоналды іріктеу мен басқарудың сапалы жолға қойылған процестері кадр тұрақсыздығын төмендетіп, ұжымның жұмыс тиімділігін арттыруға және компаниядағы жалпы климатты жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, еңбек нарығының жылдам өзгеріп жатқан шарттарына бейімделу қабілеті компанияларға бәсекеге қабілетті және кандидаттар үшін тартымды болуға жол ашады.

Аталған шаралар барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, практикалық сценарийлерді талдауды. Бұл воркшоптардың бірегей ерекшелігі ретінде түрлі ведомстволық бағынышты кәсіпорындардағы әріптестердің өзара тәжірибемен және сәтті кейстермен алмасуына мүмкіндік беретінін атап өтуге болады. Мұндай тәжірибе қатысушылардың белсенді дамуына мүмкіндік беріп қана қоймай, ПІБ жүйесіндегі персоналды басқару саласындағы дарындарды анықтауға да жол ашады.

«Міне, сондықтан да өзіндік кәсіби HR қауымдастықты дамыту заманауи компаниялар үшін, оның ішінде мемлекеттік басқарумен байланысты құрылымдар үшін аса қажетті қадам болып табылады. Бұл адам ресурстарын басқару бөлімдерінің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, HR бюджеттерді оңтайландыруға да оң ықпал етеді», - деп атап өтті Гүлнұр Бөкенова.

Айта кетейік, МТАЖО 12 жылдан бері ҚР ПІБ жүйесінің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін оқытумен айналысып келеді. Бұл кезеңде ұйым 17 мыңға жуық адамды оқытты.

«Бірлескен оқу – даму мен сәттіліктің кілті. Біз тәжірибемен бөлісеміз, жақсы нәтижеге ынталандырамыз және сіздермен бірге болашақты құрамыз Бұл – МТАЖО орталығының басты мақсаты», - деп атап өтті орталық президенті