Бағдарлама өте тығыз және кәсіби аудитория үшін пайдалы да қызықты ақпаратқа толы.
Алғашқы күні HR сарапшы Зүлфия Сембаева тренинг қатысушыларымен өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ал оның тәжірибесі өте бай, Зүлфия Chevron, Rompetrol, Kazmunaigaz-PM, Kazatomprom, Airbus, Epsco, Kentech және Kisorion сынды халықаралық ірі компанияларда 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен.
Ол персоналды іріктеу және жұмысқа қабылдау, сондай-ақ құзыреттерді бағалау бойынша тақырыптарды тарқатты.
Екінші күн персоналды бейімдеу, оқыту және дамыту тақырыбына арналды. Одан бөлек, қатысушылар кадрлық резерв пен таланттарды басқару туралы білім көкжиегін кеңейтіп жатыр.
Тренингтің үшінші күні HR мамандар KPI туралы талқылайды. Персоналды ынталандыруда бұл жүйені қолданудың пайдасы туралы дәйектер келтіріліп, жұмысшылар қызметін бағалау ережелері, нәтижеге мониторинг жасау және өзге де мәселелер сөз болады.