Бүгін біз Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жұмысшылардың құқықтарын қалай қорғайтыны туралы айтқымыз келеді.
Еңбек кодексі жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік акт болып табылады. Ол әділдік пен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете отырып, екі жақтың құқықтары мен міндеттерінің сақталуына кепілдік береді.
Еңбек кодексі қорғайтын негізгі тармақтарына - лайықты еңбекақы алу, еңбек демалысы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ кемсітушіліктен және заңсыз жұмыстан босатудан қорғау жатады.
Еңбек кодексі жұмысшылар мен жұмыс берушілер мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, әділ және тұрақты еңбек қатынастарын құруға ықпал етеді.
Еңбек кодексінде көзделген құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу – өзіңіздің мүдделеріңізді қорғау және еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.