Табиғатты сақтау үшін не істеуге болады? Біздің қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін қалай азайтуға болады?
Осындай сұрақтар МТАЖО қызметкерлерін алаңдатады.
Таяуда біз кеңседе қолданылған қағаз қалдықтарын жинауға арналған контейнерлер орнаттық. Қағаз қалдықтары қайта өңделеді және қайталап қолданылады.
Осылайша, орталық қызметкерлері әлемдік экологиялық қозғалысқа үн қосты.
Еске салайық, 100 кг қағаз қалдығы 1 ағашты сақтайды.
Ал қайта өңделген қағаз өндірісі жаңа өндіріспен салыстырғанда азырақ ластаушы заттарды бөледі және азырақ энергияны қажет етеді.
Одан бөлек, осылайша қоқыс қоймалары мен қоқыс өртейтін зауыттарға жөнелтілетін қалдықтардың көлемі азаяды.