Басты бетХалықаралық стандарттар бойынша жұмыс. МТАЖО институционалды аккредиттеуден өтті

Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс. МТАЖО институционалды аккредиттеуден өтті

Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс. МТАЖО институционалды аккредиттеуден өтті Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс. МТАЖО институционалды аккредиттеуден өтті Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс. МТАЖО институционалды аккредиттеуден өтті

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) маңызды да айрықша оқиға болды. Орталық институционалды аккредиттеуден өтті. Бұл орталықтың ең жоғарғы әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтінін білдіреді.

МТАЖО орталығының жұмысын Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) бағалады.

IQAA стандарттары «Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен нұсқаулықтарға» сәйкес әзірленген.

Бағалау критерийлері білім беру бағдарламаларының мазмұны, оларды әзірлеу мен тиімділігі, оқу процесін ұйымдастыру, тыңдаушылардың оқу үлгерімі, оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігі, қолда бар ресурстар және осы секілді өзге де параметрлерді қамтиды.

Аккредиттеуден өту білім беру сапасын растаудан бөлек, нарықтың сенімін де күшейтеді.

Орталыққа аккредиттеуден өткені туралы куәлік беру мақсатында IQAA мамандары бірнеше күн МТАЖО орталығында болды: басшылықпен, қызметкерлермен, тренерлер және тыңдаушылармен сұхбаттасып, оқу және материалдық-техникалық базамен танысты, сондай-ақ оқу бағдарламаларына кешенді баға берді.

Айта кетейік, институционалды аккредиттеуден өту шарасы ҚР «Білім беру туралы» заңымен реттеледі.