Мансаптық жолды бастаған кезде нені ұмытпау керек? МТАЖО тренерлері пайдалы 5 кеңеспен бөлісті.
1. Бас тартқаннан қорықпаңыз.
Иә, жұмысқа орналасу кезінде сізден бас тартса, ең ауыры сол. Бірақ, бұл да – өмірдің бір кезеңі екенін ұмытпаңыз. Сіз өзіңізге лайық орынды міндетті түрде табасыз.
2. Тәжірибе жинаңыз, бастамашыл болыңыз.
Еңбек жолының басында өзіңізді көптеген сала, міндеттер мен жобалар арқылы сынап көру маңызды. Тек осылай ғана сіз бағалы тәжірибе мен практикалық білім жинай аласыз.
3. Қателесуден және сұраудан қорықпаңыз.
Біз бүкіл өмір бойы жаңа нәрсе үйренеміз, ал жаңа жұмыс барысында бір нәрсені білмеу – ол заңдылық. Қажетті сұрақтарды қойып, өз қателіктеріңізден туған мәселелерді шешуге үйреніңіз.
4. Даулардан аулақ болыңыз.
Ұжым – сіздің екінші отбасыңыз. Әрбір әріптеспен тіл табысып, олармен тиімді жұмыс істеуге жол табыңыз.
5. Әрекет етіңіз!
Жауапкершіліктен не сізден бас тартады деген күдіктен туған қорқыныш сіздің қол-аяғыңызды байлап тастауы мүмкін. Бірақ, оған қарамастан мансап құруға ұмтылу керек.
Жаңа бос жұмыс орындарын іздеп, өзіңізді сынап көріңіз, түйіндемеңізбен жұмыс істеп, өзіңіздің ең жақсы қырларыңызды ашыңыз.