Медициналық қызметкерлердің жұмысы – тек қиын ғана емес, сонымен бірге өте жауапты еңбек. Олар үлкен психологиялық және эмоциялық күйзелісті бастан өткереді.
Мамандардың оларды жеңіл еңсеруі үшін Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлеріне арнап тренинг ұйымдастырды.
Оқуды МТАЖО шақырған тренер, тәжірибелі коуч, 10 жылдық тәжірибесі бар ментор Әйгерім Тарбағатаева жүргізді.
Ол мақсатты айқындау, уақыт және күйзеліс менеджментінен тұратын Life-стратегияны құру жолдарын әңгімеледі.
Мұндай тренингтер дәрігерлерге өз уақытын тиімді басқаруға көмектеседі. Ал ол өз кезегінде адамды қандай қиын жағдайларда да ұстамды да сабырлы болуға тәрбиелейді.