"Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ Президент Іс басқармасы жүйесінің HR қауымдастығын дамытып отырады: тұрақты түрде тренинг, мастер-класс, оқу шараларын өткізеді, алдағы уақытта ауқымды конференция ұйымадастыруды жоспарлап отыр.
Жақында интерактивтерге толы тәжірибелік воркшоп өтті. Оны «Болашақ» бағдарламасының түлегі, менеджмент, стратегия және HR саласының сарапшысы Маржан Қабдулшарипова жүргізді.
Ол қызметкерлерді басқару саласындағы трендтер туралы әңгімеледі. Стратегиялық жоспарлаудағы HR ролін кеңейту, HR процестерге технологияларды енгізу (HR Tech), инклюзияға басымдық беру (Diversity and Inclusion), қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысы мен оларды басқарудың «икемді» тәсілдері сөз болды.
Алда әлі де көп пайдалы әрі дамытушы шаралар өткізіледі деп күтілуде.