Мақсатты аудитория
Лифтілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты мамандар; лифтілерді пайдалануды ұйымдастыруға жауапты мамандар; лифтілерге диспетчерлік бақылауды жүзеге асыратын диспетчерлер; лифт шаруашылығы объектілерінің (білім беру, денсаулық сақтау мекемелері және мүгедектерге арналған лифтілерге, көтергіш платформаларға ие басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілер) иелері; лифт шаруашылығы объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар.
Күтілетін нәтижелер
Қатысушылардың теориялық білім мен практикалық жұмыс дағдыларын меңгеруі.
Оқыту форматы
- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.
Толық сипаттамасы
Лифтілерді, лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын сертификаттау кезінде зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары, әдістері, өлшеу және өткізу, сынау шарттарына қойылатын талаптар, сынау және өлшеу нәтижелерін өңдеу қағидалары, сынақ және өлшеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптары. Қауіпсіздік бойынша талаптар. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету қағидалары. Лифт құрылғысы. Лифт пен лифт қауіпсіздігі құрылғыларының сәйкестігін растау алгоритмі. Лифтілерді сақтау, қызмет көрсету және техникалық қадағалау тәртібі. Лифтілерді қауіпсіз пайдаланылуы және олардың техникалық сақталуы үшін пайдаланушы мен мамандандырылған ұйымдардың басшыларына, мамандарына қойылатын талаптар. Лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын қадағалауды ұйымдастыру. Пайдаға жарату кезінде лифт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.