Мақсатты аудитория
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен меншік түріне қарамастан, инфекциялық, инфекциялық емес және кәсіптік аурулардың таралу қаупі жоғары кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметкерлері.
Күтілетін нәтижелер
Қатысушылардың теориялық білім мен практикалық жұмыс дағдыларын меңгеруі.
Оқыту форматы
- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.
Толық сипаттамасы
Халықтың декреттелген топтарын инфекциялық аурулардың алдын алуға, объектілерді күтіп-ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға оқыту.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.